Оқиға

Шығыс Қазақстанда күші 2 баллдық жер сілкінісі болды

© AP Photo / Irwin FedriansyahСейсмограф
Сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытай аумағында 4,3 магнитудалық жер сілкінісі болды, алалайды ол Қазақстанмен шекарада да сезілді

АСТАНА, 31 мамыр— Sputnik. Қазақстанда сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан 107 және 811 шақырым жерде  4.7 мен 4,3 магнитудалық екі жер сілкінісін тіркеді. 

сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанда 4,0 магнитудалық жер сілкінісі болды

Магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі 30 мамыр күні сағат 11:40-та Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 107 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орын алды.  

Зілзала ошағы 0-5 шақырым тереңдікте орналасқан. Сезілу туралы мәліметтер түскен жоқ. 

Сол күні 22:49-да 4,3 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 811 шақырымда Қытай аумағында орналасқан. Ошағы 5 шақырымдық тереңдікте орналасқан. Күші 2 балдық жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында, шекара заставасы өңірінде сезілген. 

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 


Жаңалықтар
0