АСТАНА, 30 мамыр —Sputnik. Владимир Путин мен Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшылары екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді атап айтқанда, маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларының кеңесі жиыны мен "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылу контекстінде талқылады.
Сонымен қатар, Сирия бойынша Астанада өтетін кезекті Халықаралық кездесуге әзірлік мәселесі қарастырылды.