АСТАНА, 30 мамыр —Sputnik. Оқырмандар "Ақ Жайыққа" табиғат пайдаланушылардың экологияны бұзып жатқаны туралы хабарламалар жолдауды жалғастыруда.
"Бүгін, 30 мамырда таңертеңгі сағат тоғызда Теңіздегі КТЛ зауытында орын алған келесі көріністерге куә болдық: зауыт алауларына газ тасталып, ал түтін шығатын тұрбалардан атмосфераға күкірт түтіні будақтап жатыр. Экологияға едәуір зиян тигізілді. Іргелес аумақтардың бірнеше гектары күкіртпен ластанды", — деп келтіреді басылым WhatsApp арқылы келген хатты.
Редакция тексеру жүргізу өтінішімен Атырау облыстық экология департаментіне жүгінген.