Саясат

ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы 11 қазанда Сочиде өтеді

© Sputnik / Табылды КадырбековТМД елдерінің жалаулары
ТМД елдерінің жалаулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейсенбіде Минскіде Достастық елдері тұрақты өкілдерінің жиыны өтіп жатыр.

АСТАНА, 30 мамыр —Sputnik. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің басшылары Сочиде 11 қазанда өзекті мәселелерді талқылау үшін Кеңес отырысына жиналады, деп хабарлады ТМД атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев. 

Бүгін, 30 мамырда Минскіде Достастық елдері тұрақты өкілдерінің  жиыны өтіп жатыр. Онда өткізілуі 10 және 11 қазанға жоспарланған ТМД сыртқы істер министрлері кеңесі мен ТМД мемлекет басшылары кеңесі отырыстарының күн тәртібі талқыланады. 

"ТМД елдері президенттері әкімшіліктерінің қалауын ескере отырып, Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына біздің елдеріміз үшін ең маңызды мәселелер шығарылады", — деді сейсенбіде ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев. 


Жаңалықтар
0