Өңірлер

Астана қаласында дауылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуДауыл құлатқан ағаш, архивтік сурет
Дауыл құлатқан ағаш, архивтік сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер Тараз бен Мәскеудегідей ахуалдың алдын алу жолдарын түсіндірді

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ағымдағы жылдың 30 мамырында Астаны қаласының аумағында оңтүстік-батыс желінің күші 15-20 м/с солтүстік-батысқа ауысуына байланысты дауылды ескерту жариялап отыр, күндіз қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды елордалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты департамент тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

"Қатты жел ұйытқуы кезінде үй мен пәтердің барлық терезелері нығыз жабық болуы тиіс. Шыныланбаған балкондар мен лоджиялардан қатты жел кезінде сыртқа құлауы мүмкін барлық заттарды алып тастау қажет", — делінген хабарламада.

Тараздағы дауыл салдарын жою жұмыстары, архивтік сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Таразда қатты дауылдан үш адам қаза тапты

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент ескертіп өткендей, дауылда далада қалып қойсаңыз жарнамалық қалқандардан (басқа да аспалы құрылымдар), электр беру желілері, сонымен қатар ағаштардан алыс жүру қажет. Сонымен бірге, айналаға мұқият қарап, қауіп төндіруі мүмкін, құлайтын, сынып кетуі ықтимал заттардан аулақ болу керек. Үзілген сымдар мен тербеліп тұрған заттарға (ағаштар) жақындауға болмайды.

Ведомство атап өткен тағы бір маңызды кеңес, қатты жел кезінде жақын маңдағы ғимаратқа (ол дүкен, кітапхана, сауда орталығы, үй кіреберісі, кинотеатр болуы мүмкін) паналай тұру керек.

"Үлкен ағаштар! Үлкен ағаштарды саяламауға үлкен мән беру керек, оның ішінде теректер астына тасаламаңыз және оның астына автокөлігіңізді қоймаңыз. Ағаштың немесе оның бұтақтарының сынуы мүмкін, бұл да өз кезегінде қауіп көзі болып келеді. Сонымен қатар, ескірген және шіріп кеткен, әрі жалғыз тұрған ағаштар да қауіпті", — деп ескертеді департамент.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда "112" телефон нөміріне хабарласу керек.

Жаңалықтар
0