Қоғам

Ораза ұстап жүрген металлургтерге халық разы болды

Жазылу
Ораза ұстап жүрген металлургтер туралы видео көпке үлгі болып отыр

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода металлургтердің ораза ұстап жүргендігі айтылады, деп жазады muslim.kz сайты.

Металлургия цехтарында ауа температурасы өте жоғары болатыны бәрімізге аян. Ал осы қиындыққа қарамастан ораза ұстап, мол сауаптан үміт күткен ер-азаматтар көпке үлгі бола білді.

"Бұған дейін құрылыста жүріп ораза ұстайтындарға таң қалушы едік. Мына көріністен кейін дені сау адамға ораза ұстамау үшін ешбір сылтау айтудың қажеті жоқтығын аңғардық. Бір жағынан ораза қай саланың жұмысына да кедергі келтірмейтіндігін дәлелдеп бергендей", — деп басылым пікірімен бөліседі.

Жаңалықтар
0