АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде жел 15-20, желдің екпіні 23-28 м/с болады, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшеюі күтіледі, Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін, Қызылорда облсында жел шаңды дауылмен болады.
Ақтөбе,Қостанай облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.