АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Майтрипала Сирисенаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы биылғы 28 мамырда Шри-Ланкадағы су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
"Қаза болғандардың жақындарына және барша достас Шри-Ланка халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.