АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның мерзімнен бұрын шартты түрде бостау туралы өтініші қанағаттандырылмады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінде.
Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық соты Анар Мешімбаеваны жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде бостау туралы сотталушының өтінішін қарады.
Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының қаулысымен 558 миллион 249 мың 409 теңге көлемінде келтірілген шығынның өтелмегеніне байланысты сотталушының жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде бостау туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.
Анар Мешімбаеваға үкім 2014 жылғы 14 ақпанда шығарылды.