АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Алматыда қоқыс таситын көлік жүргізушісі жаяу жүргінші әйелді қағып кетті, зардап шеккеннің туыстары жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр, деп хабарлады Sputnuk Қазақстанға зардап шеккен әйелдің қызы.
Жаяу жүргіншіні қағып кеткен автокөлік "Тәртіп" АҚ-ға тиесілі. "Анам бағдаршамның жасыл шамына өтіп бара жатқан. Жүк көлігі солға қарай бұрылған кезде жаяу жүргіншілерді өткізуге тиіс болатын. Бірақ ол анамның аяғын басқан кезде ғана тоқтады", — деді Мария.
Оның сөзіне қарағанда, әйелдің жамбасы сынып, табаны ауыр жарақаттанған.
"Бір ота жасалып қойды. Тағы бір ота жасалуы мүмкін және ұзақ емделуі қажет", — дейді қызы.
Оның нақтылауынша, жүк көліктің жүргізушісі көмек көрсетуден бас тартып жатқан жоқ. Жәбірленуші тарап жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр. Сонымен қатар, олар қандайда бір ақпаратты білетін адамдарды +7-705-50-07-50 телефонына хабарласуды сұрайды.