Қоғам

Неге балаларға гаджет пайдалануға тыйым салуға болмайды?

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі заманғы ата-аналар бесік жырын жаттап әуре болмайды, оның орнын бүгінгі таңда ұялы телефондар басып отыр. Психолог Людмила Семина-Гицу Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында неге балалардан гаджетті тартып алуға болмайтынын түсіндірді
Психолог объяснила, почему у детей не стоит отбирать гаджеты

"Гаджеттер — жай құрал ғана. Кез келген құрал сияқты оны өз пайдамызға да жарата аламыз немесе, керісінше, одан зардап шегуіміз де мүмкін. Гаджеттерден ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Баладан телефон мен планшетті тартып алу оның әрі қарай дамуына зиян келтіруі ықтимал", — дейді молдован психологы Людмила Семина-Гицу.

Маманның пікірінше, қазіргі заманғы ата-аналар балаларының техникалық құралдарды қалай пайдаланатынына мән беруі тиіс.

"Бәріміз де жетістікке жетуге ұмтыламыз, бәріне үлгергіміз келеді. Бір жағынан, мұндай жетістікке ұмтылу үрдісіне әркімнің шамасы келмей, күйзеліске ұшырайды, өйткені қазіргі заман талабына сай ақпаратты жылдам қабылдауға кез келген адамның қабілеті жетпейді", — дейді Людмила Семина-Гицу.

Жаңалықтар
0