Өңірлер

Ақмола әкімі Астана-Щучинск жолы бойындағы дәмханаларды аралап шықты

© SputnikАқмола облысы әкімі
Ақмола облысы әкімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана-Щучинск" автомагистралі бойында орналасқан қызмет көрсету орындарын ретке келтіру тапсырылды

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. "ЭКСПО-2017" көрмесі қарсаңында Ақмола облысы әкімі "Бурабай демалыс орны — Астана" жолы бойында орналасқан дәмханаларды алты сағат бойы аралап шықты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

су тасқын - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ауылдарын су басып жатқан Ақмола облысының әкімі Сағынтаевтан сөз естіді

Ақмола облысы ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында отандық және шетелдік туристерді қабылдауға дайындалып жатыр. Қонақтардың негізгі легі Ақкөл, Шортанды, Бұланды және Бурабай аудандары арқылы өтеді деп күтілуде.

Осыған байланысты жексенбі күні облыс әкімі Мәлік Мырзалин аудан әкімдері, басқарма басшылары "Қазавтожол" ҰК АҚ өкілдерімен бірге Астана-Щучинск жолы бойында орналасқан іскерлік нысандарын тексеріп шықты. Алты сағатқа созылған тексеру барысында әкім дәмханалар мен дүкендерді, жанармай бекеттерін, техникалық қызмет көрсету станцияларын, кемпингтермен, ақпарат стендтерін бағалады.

Тескеру жұмыстарының қорытындысы бойынша, әкім жол бойындағы қызмет көрсету орындарының санитарлық жағдайы, сыртқы көрінісі, өрт қауіпсіздігі, көгалдандыру мәселелерін қолға алуды тапсырды. Бұдан бөлек, Мырзалин үзіліссіз ұялы байланыспен қамтамасыз ету мәселесін ұялы операторлармен бірге реттеуге тапсырма берді.

Жаңалықтар
0