Өңірлер

Дүйсенбіде найзағай ойнап, бұршақ жауады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтужауын
жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде шаңды дауыл болады, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде найзағайлы  жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қостанай облысында найзағай болады, күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал, түнде кей жерлеріндн жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел 17-22 м/с күшейді.

Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл болады.Маңғыстау облысында күндіз жел 18-23 м/с шаңды дауыл болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,шаңды дауылмен желдін екпіні 23-28 м/с болады.Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертен және күндіз, жел 15-20 м/с күшейеді.Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, жел 18-23 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал.Алматы облысының кей жерлерінде найзағай болады, Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Жаңалықтар
0