АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, солтүстік-батыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде жауын-шашын найзағаймен күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с болады.
Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ беткейінде 2 градус үсік болады. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.