АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Алматы облысында Қытаймен шекараласатын Панфилов ауданында ауыл тұрғындарының үйлері мен аулаларын су алып кетті, деп хабарлайды өңірдің төтенше жғдайлар жөніндегі департаменті.
Қатты жауын салдарынан суалдандыру каналындағы су деңгейі көтеріліп, 25 мамырда Панфилов ауданы Көктал ауылының шетін су басқан. 46 аула мен 11 тұрғын үй суға кетіпті.
Тура осындай жайт Әулиеағаш ауылында да орын алды, ол жерде тоқтаусыз жаңбыр салдарынан беткейлік ағын жүріп, алты аула мен тұрғын үйді алып кеткен.
ТЖД мәліметіне сүйенсек, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, шаруашылық құрылыстар мен тұрғын үйлер де бұзылмаған.