Қоғам

Мусин криптотеңге мен дрондар қызметін енгізуді ұсынды

© AP Photo / Jae C. HongДрон
Дрон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдат Мусин Қазақстанды жарқын болашаққа жетелей түсетін заманауи үрдістерді атап көрсетті

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Қазақстанда криптотеңге мен тауарларды әуе жолымен тасымалдайтын дрондар қызметін енгізуді ұсынды.

"Болашаққа зер салып, көзімді жұмып, бір сәтке әлемінің қалай дамып бара жатқанын елестеттім. Болашақтағы дамыған елдердің бейнесін көріп, еліміздің деңгейінде іске асыруға болатын бірнеше идеяларды ойластырдым, сонда болашаққа қадам басып, сандық қоғамды қалыптастыра аламыз", — деп жазды Мусин Facebook парақшасында.

Бірінші үрдіс ретінде ол смартфондардың кең таралуын атап көрсетті. Қазір смартфонның 15 мың теңге тұратынын ескерсек, жеке құжаттардан бас тартуға болатын сияқты: техпаспорт, сертификаттар, анықтамалар, лицензиялар, дейді Мусин.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда полицейлер қағаз хаттама толтырмайтын болды

"Криптовалюта үрдісі. Әлемнің криптовалютадан қашып құтылмайтынын ескерсек, мемлекет деңгейінде алғашқы ресми криптовалюта — криптотеңгені қолданысқа енгізуге болады", — дейді ол.

"Дрондар үрдісі. Дрондардың ұлттық қызметін іске қосайық, сонда кез келген компания немесе адам тапсырыс беріп, қызметін пайдалана алады", — деп ұсынды комитет басшысы.

Тағы бір тренд ретінде ол мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді атап, WeChat, Telegram немесе WhatsApp сияқты қызметтерді жасап шығарып, құжат алмасудан, мемлекеттік органдар мен ХҚКО-на баруды алып тастауды ұсынды.

Жаңалықтар
0