Өңірлер

Батыс Қазақстанда жүк көлігіндегі жылқылар тірідей өртеніп кетті

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЖылқылар
Жылқылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болған жайттың себептері анықталған жоқ, жазатайым оқиға деп қарастырылуда

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында бірнеше жылқы тірідей өртеніп кетті. Жануарларды тасымалдап келе жатқан жүк көлігінде өрт тұтанып, жылқылар шыға алмаған, деп жазады жергілікті "Мой город" басылымы.

"Аталмыш дерек Жанғалы аудандық ішкі істер бөлімінде жазатайым оқиға ретінде тергелуде", — деп мәлімдеді облыстық ІІД.

Өлі кірекейдің қасынан төрт қонжығы табылды - Sputnik Қазақстан
Видео
Өлі кірекейдің қасынан төрт қонжығы табылды

Жануарларды жергілікті тұрғындар тауып, видеоға түсіріп алған екен.

"Бүгін 25 мамыр күні керемет ат жарыс болып еді. Содан көлікпен әкеле жатқан ғой. Көлікте өрт шығып, байғұстар жанып кетіпті. Бұл жерде төрт ат жатыр", — дейді куәгер.

Оның айтуынша, бір аттың жаны қиналмас үшін бауыздауға мәжбүр болыпты.

Өрттің қалай шыққаны туралы толығырақ мәлімет әзірге жоқ.

Жаңалықтар
0