Оқиға

Көкшетауда жоғалып кеткен оқушы қараусыз қалған үйден табылды

CC0 / / терезеге қарап тұрған қыз
терезеге қарап тұрған қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеткіншек қыз әжесімен бірге тұрғысы келмей бірнеше рет үйінен қашып кеткен

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Үш күн бұрын Көкшетауда жоғалып кеткен 13 жасар оқушы қыз қараусыз қалған үйден аман есен табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында элеватор маңындағы қараусыз қалған үйден жоғалып кеткен №6 орта мектебінің 5-сынып оқушысы табылды. Кәмелет жасқа толмаған қыз көше кезіп жүрген. Ол туған әжесімен тұруды қаламай үйден кетуді ұйғарған", — деді ІІД-де. 

Оқушының анасы өткен жылы қайтыс болып, оның 1934 жылы туған әжесі қызға қамқорлықты мойнына алғаны белгілі.

"Бұдан бұрын да кәмелетке толмаған қыз үйінен кетіп қалып жүрген. Оқу үлгерімі нашар. Қазір оны арнайы мектепке ауыстыру мәселесі шешіліп жатыр", — деп қосты полицияда. 

Александра Ткаченко   үйінен 23 мамыр күні шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның жоғалғаны туралы арыз полицияға 24 мамыр күні түскен. Жоғалып кеткен қызды іздеуге облыс орталығы ІІБ барлық оперативті күштері жұмылдырылды.  


Жаңалықтар
0