Оқиға

Астана маңында көмір тиелген вагон шетке ауып кетті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуВагоны с углем, архивное фото
Вагоны с углем, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ және пойыз қозғалысына да нұқсан келмеді

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Ақмола облысындағы темір жолда көмір тиелген вагон шетке қарай ауып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарында. 

Оқиға 25 мамырдағы түнде Ақмола облысының Аршалы ауданында орын алды. 

"Еркеншілік — Сары-Оба станциясы аралығының 71-ші шақырымында №210 Ерейментау-Астана қатынасындағы жүк вагоны рельстен шығып, шетке қарай ауып кетті. 64 вагоннан тұратын көмір тиелген құрам", — деп ақпараттандырды әңгімелесуші. 

Оқиға өзге пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер жоқ, 14:00-де жою бойынша жұмыстар аяқталды. 

 

Жаңалықтар
0