Оқиға

Іздеуге жарияланған қазақстандық Ресейде ұсталды

© AP Photo / Peter Dejongқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін ірі көлемде талан таражға салды деп айыпталуда

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматын Севастопольде құқық қорғау органдары ұстады, экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. 

2013 жылғы желтоқсанда ер адам бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін ірі көлемде талан таражға салғаны үшін соттан жасырынған. 

"Орал қалалық соты оған Қазақстан Республикасы ҚК-нің 176-бабы 3-бөлімімен (бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін ірі көлемде талан таражға салу) қарастырылған қылмыс жасады деген айыппен соттан жасырынған тұлға ретінде халықаралық іздеу жариялан. Қаскүнемнің жасырынғанына байланысты бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы тілхаттан қамауға алуға өзгерген", — деді Севастополь қалалық прокуратурасында. 

Севастопольдің Ленин аудандық соты ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.


Жаңалықтар
0