АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Семейде бойжеткен қолынан ұшып кеткен ақшаны ұстап алуға әрекеттенген кезде абайсызда көпірден құлап кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға сәрсенбі, 24 мамыр күні орын алды. "1995 жылы туған қыз көпірмен жүріп бара жатқан кезде қолынан ақшасы ұшып кетеді. Оларды ұстап алмақ болған кезде көпірден құлап кетіп, талдың үстіне түскен. Өзін жақсы сезінеді", — деді әңгімелесуші.
Қыз полицияға шағым түсірмеді және ол болған оқиғаға ешкімді кінәламайды, деп атап өтті баспасөз қызметі.