Видео

Елордалық түлектер мектеппен қоштасты

Жазылу
Бейсенбі күні таңертең Қазақстанның бүкіл мектептерінде соңғы қоңырау соқты. Мектеп өмірімен қоштасу әсерлі болды: көпшілік түлектер көз жастары мен эмоцияларын жасыра алмады.

Елордалық №66 мектеп-лицейінің түлегі Асылжан Мұхтар Sputnik Қазақстанға Алматыға оқуға түсіп болашақта жақсы журналист болуды қалайтыны туралы айтты. 

"Менің сезімім араласып кетті: қуаныш та, мұңаю да бар. Мен не жыларымды, не күлерімді білмеймін. Дегенмен бітіріп жатқанымыз жақсы болды. Ересек өмір, жаңа кезең", — деді түлек. 

Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы елімізде 136 мыңнан астам түлек оқу бітіріп жатыр. 


Жаңалықтар
0