АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik."Байқоңыр" кешенін бұдан әрі пайдалану мен "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру Қазақстанда маусымның басында талқыланатын болады, деп хабарлады ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин.
Бұдан бұрын РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин Астана мен Мәскеудің таяуда "Бәйтерек" жобасы асында Қазақстанда Байқоңыр айлағын кейінгі пайдалануды талқылап, орта сыныптаға зымыран жасауға кірісуді көздеп отырғанын хабарлаған.
"Бізде Байқоңыр бойынша 6-7 маусымда Қызылордада, Байқоңырда үкіметаралық комиссияның отырысы күтіліп отыр. Аспектілердің бірі — осы жобаны талқылау", — деді Нұрғожин.