Өңірлер

Көкшетауда бесінші сыныпта оқитын қыз жоғалып кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото школьницы
Архивное фото школьницы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз 23 мамырда үйінен шығып, қайта оралмаған

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Көкшетауда 5 сыныпта оқитын қыз жоғалып кетті, ол 23 мамырда үйінен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлады ішкі істер басқарамасы Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Студент қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жоғалып кеткен алматылық қыздың туыстары оны іздемеуді сұрап отыр

Көкшетаудың әлеуметтік желілерінде №6 мектептің бесінші сынып оқушысы жоғалып кеткені туралы ақпарат таратылды. Ткаченко Александра 23 мамырда үйінен шығып, қайта оралмаған.

"Иә, оқушы қыз жоғалып кетті, қазір іздестіріп жатырмыз. Ол тіркеуде болған емес", — деп Көкшетау ішкі істер басқармасы мәліметті растады.

"Мектеп оқушысы әжесінің қолында тұрады екен. Әжесі 24 мамырда полицияға хабар беріпті. Қыздың анасы былтыр қайтыс болған, бұдан бұрын бүлдіршін үйден қашқан емес", — деді ІІБ ресми өкілі Сәуле Хамзина.

Қыздың бойы 140 сантиметр, арықтау келген, шашы қоңыр, ұзын. Үстіне қара көк түсті кардиган киіпті, аяғында спорттық аяқ киім болған. Ерекше белгісі: иегі шығыңқы келген.

Жаңалықтар
0