АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Туған әкесінің үйінде қатты соққыға жығылғаннан кейін ауруханаға түскен Кристина Шустер ауруханадан шықты, деп жазады өңірлік "Диапазон" басылымы.
Басылымның хабарлауынша, Кристинаның жағдайы қалыпты. Қызды апасы алып кеткен.
"Қыз өткен аптадан ауруханадан шығарылды. Жағдайы қалыпты, шағымы жоқ. Оған тұрғылықты мекен жайы бойынша невропатологқа қаралу туралы кеңес берілді. Кристинаны ауруханадан алып кетті", — деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі Самат Көкшібаев.
Қатты соққыға жығылып, миы шайқалған Кристина өткен апатада ауруханаға жатқызыған болатын. Ал оның туған әкесі мен өгей шешесі — Владимир Шустер мен Әсел Дүйсенбаева бірнеше күн бұрын телемұнарадан секіріп қаза тапқан.