Қоғам

Желіде Назарбаев пен Трамптың суретіне қатысты әзіл-қалжыңдар айтылуда

Жазылу
Қазақстан мен АҚШ президенттері Эр-Риядта өткен саммит кезінде бірге суретке түсті

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Әлеуметтік желілерде бірнеше күннен бері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың суреті қызу талқылануда.

"Менің президентімнің жасы үлкен, бірақ мына сары картоптан жас көрінеді", — деп қалжыңдайды қолданушы Aina_at27.

 

​ Қазақстан тұрғындары екі ел басшыларының суретін көріп: "АҚШ президенті ЭКСПО көрмесіне келер ме екен?", — деп таңданды.

"Елбасының жанындағы кім?" — деп мысқылмен сұрақ қойыпты қолданушы ad1ar.

"Трамп өзінше емес сияқты, қарапайым адам шығар", — деп ойланады zhan951.

Аңғарымпаз қолданушылар артқы фонда Қырғызстан туының түсіп қалғанын байқап қойыпты. Бірақ кейбір елдің БАҚ көздері фотошоптың көмегімен қызыл туды алып тастаған көрінеді.

"Өзбекстан БАҚ-ы Мирзиёв пен Трамптың суретіндегі Қырғызстан туын өшіріп тастапты. Ал, Назарбаев пен Рахмонның баспасөз қызметінің ойына ол келмеген екен", — деп жазады @a_imanaliev твиттерде.

Жаңалықтар
0