АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешовтің өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілгені туралы хабарлады.
Бұдан бұрын, Орталықтың 25 қызметкері басшыларының әрекеттеріне қатысты Президент әкімшілігі, Бас прокуратура мен білім және ғылым министрлігіне шағым жазған. Үндеудің мәтіні БАҚ-та жарияланды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлерінің шағымына байланысты кешенді қызметтік тексеріс өткізіп жатыр және Мелдешов өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді.
Тексеріс нәтижелері анықталғанша ХБО басшысының міндеттерін орталықтың вице-президенті Мейіржан Алпыспай орындайды.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" халықаралық "Болашақ" білім беру бағдарламасын басқарады. "Болашақ" халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған. Осы жылдары әлемнің 35 еліндегі 170 үздік жоғары оқу орнында оқу үшін 12 000 астам қазақстандыққа стипендия тағайындалған.