АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Көптеген елдерде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы Манчестердегі теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлады Рейтер агенттігі содырлардың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
22 мамыр күні кешке "Манчестер Аренада" америкалық әнші Ариана Гранденің концерті кезінде жарылыс болды. 22 адам қаза тауып, 59-ы жарақат алған. Жарылыстан соң сегіз жасар қыз бен алты жасөспірім із-түссіз жоғалып кеткен.
Терактіні жанкешті лаңкес ұйымдастырған, оның кім екені белгілі болды. Манчестер полициясы оның сыбайласын ұстаған.
"Манчестер Аренадағы" оқиғаға қатысты айтарымыз, Оңтүстік Манчестерде 23 жастағы ер адамды ұстағанымызды растаймыз", — делінген полиция мәлімдемесінде.