Қоғам

Бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады

© PhotoБалалар
Балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ендігі уақытта ата-аналар баласын балабақша кезегіне қоймайды

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылатын болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Балалар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандағы барлық балабақша кезектері біріктіріледі

Келесі жылдан бастап баланың туғанын тіркеп, одан кейін жәрдемақы алу үшін, сондай-ақ балабақшаға кезекке тұру үшін ата-анаға мемлекеттік органдар мен халыққа қызмет көрсету орталығына сабылудың қажет болмайды. 

"Келесі жылы баланың тууы туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне бірден түсетін болады. Ал министрлік мемлекеттік қызмет алуға бастамашы болады. Яғни, баланың дүниеге келуімен құттықтап, ата-ананың баласының аты-жөнін қалай қоймақшы екенін білуі тиіс", — деді Оспанов.

Осылайша, оның айтуынша, баланың тууы туралы ақпарат жәрдемақы және балабақшаға кезекке тұру үшін автоматты түрде тиісті органдарға түсетін болады.

"Сөйтіп, бұл ақпарат АХАЖ-ға түсіп, ЖИН беріледі — бұл ақпарат оның шотына қажетті жәрдемақы түрін аудару үшін бірден Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберіледі. Ары қарай бұл ақпарат автоматты түрде балабақшаға кезекке тұру үшін "электрондық әкімдікке" түседі", — деді ол.

Жаңалықтар
0