Қоғам

Шетелдік азамат Астанада заңсыз миссионерлікпен айналысқан

© Sputnik / Михаил Мордасов / Медиабанкке өтуЖайнамаз
Жайнамаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық полицейлер қалада "Құқықтық тәртіп" профилактикалық шарасын өткізіп жатыр

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Елордалық полицейлер "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық шарасын жүргізу барысында тіркелмеген намазханаларды тауып, Астанада заңсыз миссионерлікпен айналысып жүрген шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Автоорындық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада баланы автоорындықсыз тасымалдаған 200-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды

"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық шарасын жүргізу барысында Астана қаласы ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша басқармасының қызметкерлері төрт тіркелмеген намазхананы тауып, экстремистік мазмұндағы және жаппай емшілік сеансы туралы материалдарды сақтау дерегін анықтады. Аталған деректер бойынша, тексеру шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ, профилактикалық шараларды жүргізу барысында елорда аумағында заңсыз миссионерлікпен айналысқан шетелдік азамат ұсталды. Оны Қазақстан Республикасынан депортациялау туралы мәселе сот жүзінде қаралып жатыр.

Жаңалықтар
0