Өңірлер

Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе-Мәртөк тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысты

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Ақтөбе облысында болған жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам зардап шекті, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жас жігіт көлік астына түсіп, қаза тапты

Ақтөбе-Мәртөк тас жолының 70-ші шақырымында Opel Vectra және LADA Granta көліктері соқтығысты. Салдарынан 33 жастағы жүргізуші қаза тауып, әр түрлі жарақат алған алты жолаушы ауруханаға жатқызылған.

Жол апаты дерегі бойынша сот алды тергеу ісі басталып, мән-жайы анықталуда.

Жаңалықтар
0