Қоғам

Бас мүфти ақтөбелік отбасыға пәтер сыйлады

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Су тасқынынан үйі қираған әрі мүгедек адамы бар отбасыға "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асары" қоры қол ұшын созды

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Махамбет ауданындағы үйі қирап қалған тағы бір отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас мүфти Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады

Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сағыныш Тобажановаға "Нұр Ақтөбе" ауданынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Екі бөлмелі пәтер Маңғыстау, Оңтүстік, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Қостанай және Ақтөбедегі облыстық мешіттерде жиналған асар ақшасына сатып алынған. Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы осы шаңырақта қонақ болып қайтыпты.

Тобажановтар әулеті тасқынға дейін Махамбет ауданында үш бөлмелі үйде тұрған. Баспананы су шайып, қирап қалды. Тұруға жарамсыз. Не жердің, не пәтердің кезегінде жоқ әрі мүгедек адамы бар отбасыға "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асары" қоры қол ұшын созды.

Айта кетейік, Ақтөбедегі су тасқыны кезінде 86 үй құлады. 65 адамға жер учаскесі берілді. Сегіз жанұя уақытша әлеуметтік жатақханаға орналастырылды. Екі отбасыға "Батыс-2" ауданынан, бесеуіне "Нұр Ақтөбе" ауданынан пәтер берілді. Тағы бір отбасыға мұғалжарлық кәсіпкер үй сыйлады.

Жаңалықтар
0