АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Қазақстанның садақшылар құрамасы алғаш рет Әлем кубогі кезеңін ұтып алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.
Денис Ганькин, Санжар Мұсаев және Ойбек Саидиев Шанхайда өткен Hyundai Archery World Cup садақ ату жарысының жеңімпаздары атанды.

Садақ ату
© Photo : ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметі
Финалда қазақстандықтар олимпиада чемпиондары Оңтүстік Корея құрамасын жеңген.
