АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан президенті "АҚШ – Ислам әлемі" саммитіне қатысу үшін Эр-Рияд қаласына келген.
ҚР СІМ сайтының ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы димпломатиялық қатынастар 1994 жылғы 30 сәуірде орнатылған.
Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы елшілі 1996 жылғы мамырда ашылған болатын.