Оқиға

Алматы облысында жоғалып кеткен 2 жасар қыз өлі күйінде табылды

© Photo : КЧС МВД РКқұтқару қайығы
құтқару қайығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғалып кеткен екі жастағы Настя Руденконың денесі Талдықорғаннан жиырма шақырым жерде өзеннен табылды

АСТАНА, 20 мамыр —  Sputnik. Талдықорғанда бір апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасар қыздың денесі Қаратал өзенінен табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Екі жасар Анастасия Руденко 13 мамыр күні Балықты мен Қаратал өзендерінің маңындағы 

саяжайлардың бірінде із-түзсіз жоғалып кетті. Ата-анасы тоғанның маңынан тек баланың аяқ киімін ғана тауып алған. 

Төтенше жағдай қызметі, полицейлер мен жергілікті тұрғындар баланы іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. 

Бүгін сүңгуірлер қыздың денесін Қаратал өзенінен Талдықорғаннан 15-20 шақырым жердегі Еңбек ауылының маңындағы көпір жанынан тапты. 

Қыздың денесі табылған жерде құтқарушылар мен қалалық полицияның жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

Жаңалықтар
0