АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Қазақстандық Георгий Кичигин Астанада өткен аралас жекпе-жектен Fight Nights Global турнирінде чемпион титулына ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Кештің алғашқы титулдық айқасында жартылай орта салмақ дәрежесінде (77,1 келіге дейін) қазақстандық Георгий Кичигин мен ресейлік Гаджимурад Хирамагомедов кездесті. "Бес минуттан бес раунд" форматында өткен жекпе-жекте жеңісті төрешілердің шешімімен Кичигин иеленді.
"Өте ауыр жекпе-жек болды. Осы жекпе-жек үшін Гаджимуратқа шексіз алғыс! Бұл жеңісті бауырым Гриша, көкем Расыл, бапкерім мен анама арнағым келеді. Қолдау білдірген баршаңызға рақмет!", — деді Кичигин жекпе-жектен кейін.
Тағы жеті қазақстандық зз қарсыластарынан басым түсті. Олар Нұрбек Қабдрахманов, Ермек Тлауов, Сәбит Жүсіпов, Әділ Боранбаев, Жасұлан Әкімжанов, Сұлтан Қиялов пен Ержан Естанов. Аса жеңіл салмақта өтетін соңғы кездесуде белбеу үшін қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Вартан Асатрян таласатын болады.