АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне шамамен 2,45 миллион адам келеді. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді.
Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сәйкес, айтулы шараны тамашалауға еліміздің өңірлерінен 1,8 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Елордаға темір жол көлігімен 1,1 миллионға жуық қазақстандық келеді. Шамамен 161 мың адам әуе көлігін таңдайды. Тұрақты автобус рейстерімен 350 мыңнан астам қонақ келуі тиіс. Ал жеке автокөлікпен 200 мыңға жуық адам келеді.
Жалпы, Астанаға тәулік сайын шамамен 20 мың адам келеді деп күтілуде.