АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан "HUSNA" ЖК кәсіпорыны ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның тексерісінен өтті, деп хабарланады ҚМДБ-ның ресми сайтында.
Аталмыш кәсіпорынның косметикалық өнімі (ерін далабы өнімі) арнайы зертханалық тексеріске жіберілді. Нәтижесінде өнім “Халал” стандартқа сай болып, ҚМДБ-ның сертификатына ие болды. Сертификатты ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады.
HUSNA табиғи косметикасы елімізде өндірілген сәндік косметика саласындағы бірінші өндіруші. Кәсіпорынның басты мақсаты – өнімді шариғат талаптарына сәйкестендірумен қатар адам денсаулығына да зиянын тигізбеу болып табылады.
© Photo : ҚМДБ сайтыКосметика өніміне берілген сертификат
Косметика өніміне берілген сертификат
© Photo : ҚМДБ сайты