АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, тек солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыста жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні шаңды дауылмен 23м/с болып,бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Қостанай обылысының кей жерлерінде тұман күтіледі,күндіз жел 18 м/с күшейеді, Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі.
Жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде жіне таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус усік күтіледі.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.