АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстандық оқушылар үй тапсырмасын орындау барысында ауқымды ақпарат көлеміне тап болады, өйткені мұғалімдердің пікірінше, олардың пәндері ең маңызды болып табылады, деп мәлім етті Sputnik Қазақстанға ҚР БҒМ басшысының орынбасары Эльмира Суханбердиева.
Мамырдың басында білім және ғылым министрлігі оқушылардың үй жұмсын мөлшерлеу әдісінен тұратын құжатты қабылдайтыны туралы хабарлаған. Әдістеме оқушылардың оқу жүктемесін азайтуға, балалардың өз бетімен жұмыс істеуіне ынталандыруды арттыруға және үлгерімді жақсартуға ықпал етуі тиіс болатын.
"Қазір біз үй тапсырмасы көлемін қысқарту туралы мектеп директорлары мен мұғалімдермен мәселені қарап жатырмыз, негізге профессор Бабанскидің әдістемесін алдық. Біз уақытқа көңіл бөліп отырмыз – бала үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсауы тиіс", — деді Суханбердиева Sputnik Қазақстанға.
"Әр мұғалім өз пәнін ең маңызды деп санайды, сондықтан балаға ауқымды ақпарат көлемі "түседі", сосын біздің балалар қабылдамайды. Біз қазір демалыс күндері, каникул кезінде үй тапсырмасын жеңілдету бойынша — баланың неше уақыт оқуы, сабақтан тыс кезінде қанша уақыт оқуы бойынша әзірлеп, сағат бойынша әдістемені барлық мектеп директорлары мен мұғалімдерге жібердік. Осы уақытқа дейін талқылау жүріп жатыр", — деп қосты ол.
Оның ақпаратына сәйкес, жаңа әдістеме 1 қыркүйектен бастап енгізілетін болады.