Қоғам

Базардағы өлген малдың еті туралы таралған ақпаратты АШМ жоққа шығарды

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуМобильный телефон
Мобильный телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыл шаруашылығы министрлігі WhatsApp бойынша таралып жатқан ақпаратқа сенбеуді сұрайды

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі WhatsApp бойынша өлген малдың еті туралы таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Соңғы күндері WhatsApp мессенджері бойынша белгісіз біреулер малдың етін алмаңыздар деген хабар таратты. Ақпаратқа сәйкес, су тасқыны болған өңірлерден арам өлген малдың еті КамАЗдарға тиеліп, базарларға әкелініп жатыр-мыс. 

"Осыған орай таратылған ақпараттағы бұл фактілердің шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Сондай-ақ, базарларда күн сайын тұрақты түрде бақылау жүргізілетінін атап өткіміз келеді. Сатылымға түсетін барлық етке ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізіледі", — деп хабарлайлы министрліктің баспасөз қызметі. 


Жаңалықтар
0