Оқиға

Астанада ер адам 14 келі нашамен ұсталды

© AP Photo / Peter DejongКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Табылған есірткілік затты 30 мыңнан астам дозаға бөлуге болар еді

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Астанада арнайы операция кезінде көлігінен 14 келіден астам наша табылған ер адам ұсталды, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Интернет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда 60-тан астам сайт есірткі таратқаны үшін бұғатталды

Астана бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлерімен бірге саяжайлардың бірінен Mazda 323 көлігінің иесі, Жамбыл облысының 39 жастағы тумасын ұстады.

Көлікті тексеру барысында 14 килограмнан астам наша табылған, мұндай көлемдегі есірткілік затты 30000 дозаға бөлуге болады. Ұсталған азамат есірткіні елорда аумағында сатуды көздеген, нашаның жалпы құны 11 миллион теңгені құрайды.

Аталған факт сот алды тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0