Өңірлер

Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтутұрақсыз ауа райы
тұрақсыз ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде жаңбыр найзағаймен күтіледі, тұман болып, жел күшейеді, оңтүстікте жел шаңды болады

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  барлық  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады,  кей жерлерде жаңбыр найзағаймен күтіледі, тұман болып, жел күшейеді, оңтүстікте жел шаңды болады, тек солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыста жауын-шашынсыз болады.

Қызылорда облысының  кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді,  екпіні шаңды дауылмен 23м/с болып,бұршақ  жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с болады.  

Қостанай обылысының кей жерлерінде тұман күтіледі,күндіз жел 18 м/с күшейеді, Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, түнде  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жіне таңертең кей жерлерінде тұман  күтіледі.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус усік күтіледі.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Жаңалықтар
0