Қоғам

ІІМ жүргізушілерге айыппұл салған кішкентай полицейге қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото дорожного полицейского
Архивное фото дорожного полицейского - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде жолдағы бала-полицей түсірілген видео пайда болды

АСТАНА, 17 мая – Sputnik. Полицейлер жолда жүргізушілерді тоқтатып, оларға айыппұл салып, ақша алған кішкентай баланың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев. 

Әлеуметтік желіде пайда болған видеода полицей киімін киген бала жолда жүргізушілерді тоқтатып, олардан құжаттар талап етеді және айыппұл салады. Бір видеода ол 100 теңге, екіншісінде 200 теңге ақша алады. 

"Полицей формасын киген бала түсірілген видеоны зерттедік. Бұл жерде ата-аналардың міндетін атқармауы және тәрбиедегі олқылықтар байқалады", — деді Садубаев Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Оның айтуынша, бала жол үстінде тұр, ал ата-анасының мұндай бейқамдығы қайғылы оқиғаға да алып келуі мүмкін. 

"Баланың ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі", — деді ол. 

 

 

Жаңалықтар
0