Оқиға

Жезқазғанда өзін пышақтаған ер адам сотқа келді

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам сот шешіміне осылайша наразылығын білдірген

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Қарағанды облыстық сотының қаулысына қарсы болған ер адам өз-өзін пышақтап сотқа келді, деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Facebook қолданушысы Андрей Цуканов әлеуметтік желіде "Человек порезал себя в здании Жезказганского суда" деген бейнежазба жариялаған болатын. Бейнеде үсті-басы қан ер адам пышақ ұстап, сот ғимаратында жүр.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сәрсенбі 17 мамыр күні сағат 11.40-та Жезқазған қалалық сотына өзін пышақпен жарақаттаған ер адам кіріп, сот төрағасын шақыруды талап еткен. "Күзет" мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері полиция мен жедел жәрдем шақырыпты.

Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетаудағы полицей өлімі: сотталушыға үкім шығарылды

"Сот төрағасының өтінішіне қарамастан, ер адам пышақты тастаған жоқ, өзінің бұл әрекетін Жезқазған қалалық сотының оны жұмысқа қайта қабылдау туралы шешімін Қарағанды облыстық сотының алып тастауына наразылық деп түсіндірген", — делінген хабарламада.

Кейнірек ер адам Жезқазған қаласының әкімін, ҰҚК басшысын, "Нұр Отан" партиясы өкілін шақыруды талап етеді.

"Қала прокурорының орынбасары мен ІІБ қызметкерлерінің пышақты таста, медициналық көмек көрсетілсін деген өтініштерінен бас тартқан ол өзіне ешкімнің жақындамауын талап етті", — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ қызметкерлері ер адамның пышағын тартып алып, жедел жәрдем көлігімен алып кеткен.

Жаңалықтар
0