Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға... 17.05.2017, Sputnik Қазақстан
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция жүргізді.
ҰҚК хабарлағандай, Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері бір мезгілде 8 қатысты адамды ұстады. Арнайы операция кезінде түсірілген суреттерді фотолентамыздан көре аласыздар.
Арнайы операцияның мақсаты - мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу.
Тінту "КАИС-сервис" ЖШС-да (Қызылорда қаласы, асфальт өндіру зауыты және мұнай құю терминалы), "Қарамай Ойл" ЖШС (Тараз қаласы, мұнай құю терминалы) кәсіпорындарында жүргізілген.