Погода в Казахстане: дождь, град и жара
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерге арктикалық суық фронттардың ықпалы әсер етеді.
Бұл аймақтарда жаңбыр жауып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жауады, бұршақ түседі. Ауа температурасы көпжылдық норма деңгейінде немесе одан жоғарырақ болады. Қазақстанның батысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді және ауа температурасы жоғарылайды.
"Кеше, 16 мамыр күні күндізгі ауа температурасы плюс 13-20ºС болса, алдағы үш күнде плюс 22-30ºС-қа жоғарылайды", — деп хабарлады "Қазгидромет" инженер-синоптигі Саида Бердібекова.
Бұдан бөлек, 17-18 мамырда қатты жауын жаууына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарындағы өзендерде су тасуы мүмкін.