Экономика

Қазақстан қырғыздарға 100 млн долларға көмек көрсетеді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивное фото одного из контрольно-пропускных пунктов на границе Казахстана и Кыргызстана
Архивное фото одного из контрольно-пропускных пунктов на границе Казахстана и Кыргызстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы заң жобасы мақұлданды

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісім аясында Қазақстан қырғыздарға 100 млн долларға көмек көрсетеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Келісім 2014 жылғы 7 қарашада Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жоғарғы мемлекетаралық кеңес отырысының аясында мемлекет басшылары берген тапсырмаға сәйкес әзірленген. Құжатқа 2016 жылғы 28 желтоқсанда қол қойылды.

"Келісім нормаларына сәйкес, Қазақстан тарапы Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциясы процесіне жәрдемдесу мақсатында аталған елге 100 млн АҚШ долларына пара-пар көмек көрсетеді. Көмек қырғыз тарапына Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы жөніндегі "Жол карталарында" көзделген шараларды іске асыруға, атап айтқанда ЕАЭО кедендік шекарасының қырғыз учаскесінде кедендік инфрақұрылымды жақсартуға, Қырғызстанның санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық жүйелерін одақ талаптарымен сәйкестендіруге беріледі", — деп баяндады Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Оның атйуынша, көмек техникалық жәрдемдесу туралы үкіметаралық жекелеген хатталамаларға сәйкес, кезең-кезеңмен ақша, тауарлар, мамандарды оқыту түрінде берілетін болады.

Назарбаев рассказал, чем Казахстан помогает Кыргызстану - Sputnik Қазақстан
Видео
Елбасы Қырғызстанға көрсетіліп жатқан көмек туралы айтып берді

"Кезекті көмек беру траншын қалыптастыру мақсатында Қырғызстан жағы іс-шаралар тізбесін, сонымен қатар көмектің негізділігін растайтын құжаттардың болуы туралы қорытындыны ұсынады. Ұсынылған көмектік мақсатқа сай және тиімді жұмсалуын бақылау бағытында Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесі аясында бірлескен екіжақты тексеру комиссиясы құрылады. Тұтастай алғанда, мемлекеттік шекараның қазақ-қырғыз учаскесінде ветеринарлық бақылауды алып тастау болжамын ескерсек, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы сұлбасында қырғыз өткізу бекеттерін жарақтандыру үдерісіне барынша көмек көрсетуге Қазақстан мүдделі екенін айта кету керек", — деді Сүлейменов.

Оның сөзінше, бұл өз кезегінде Қазақстан аумағына көрші елден және ЕАЭО-ның басқа да елдерінен әкелінетін тауарлардың қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0