АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Өскемен жылу электр станциясында өндірістік ғимараттың төбесі өртеніп жатыр, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Бірнеше минут бұрын адамдар түтінді байқап қалған. ЖЭС-ның градильдік ғимаратының төбесі өртенген", — деп хабарлады ТЖД телефон ақылы.
Бастапқы мәліметтер бойынша, өртену аумағы 400 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
"Технологиялық процесте пайдаланылмайтын пластик бөлшектер де жанып жатыр, сондықтан ЖЭС жұмысын тоқтатқан жоқ", — деп түсіндірді ТЖД.