АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Төрт жолаушысы бар шағын ұшақ Багам аралдарына жақын маңда жоғалып кетті, деп хабарлайды Reuters.
Ұшақта Нью-Йоркта тұратын отбасы болған: ерлі-зайыптылар, төрт және он жасар екі ұлы.
MU-2B ұшағы Пуэрто-Рикодан дүйсенбі күні таңғы сағат 11-де ұшып шығып, Флоридаға жетуі керек болатын, алайда сағат 14:10 кезінде байланыс үзілген. Ол кезде ұшақ Эльютера (Багам аралы) үстімен ұшып бара жатқан.
Сол аумақта АҚШ жағалау күзету іздестіру жүргізіп жатыр.